25 маусым 2020 13:57

"Оңдырмады". Пакьяо "Канелоның" қарсыласын нокаутқа түсірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: MMAmania.com Фото: MMAmania.com

Жартылай орта салмақта WBA белбеуінің иегері Мэнни Пакьяо өзінің спаррингтерінің бірінде бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Амир Ханды нокаутқа түсірді. Бұл туралы филиппиндік боксшының спарринг қарсыластарының бірі Дин Бирн айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Жартылай орта салмақта WBA белбеуінің иегері Мэнни Пакьяо өзінің спаррингтерінің бірінде бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Амир Ханды нокаутқа түсірді. Бұл туралы филиппиндік боксшының спарринг қарсыластарының бірі Дин Бирн айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Cпорт порталының мәліметінше, осыдан шамамен он жыл бұрын орта салмақта өнер көрсететін ирландиялық боксшы Бирн Лос-Анджелес қаласында орналасқан даңқты бапкер Фредди Роучтің Wild Card Boxing Club жаттығу залында дайындалған. Роуч бұл боксшыны Пакьяоның маңызды кездесулерінің алдында спарринг қарсылас ретінде таңдап отырған. 

Нақтырақ айтатын болса, Бирн филиппиндік боксшының Хуан Мануэль Маркеске қарсы өткізген үш кездесуінде, Оскар Де Ла Хойяға қарсы кездесуге дайындық барысында бірге жаттыққан. 

Бирннің Wild Card залында жүрген кезінде Роуч британдық боксшы Амир Ханды да жаттықтырған. Ол кезде Хан Брейдис Прескоттан жеңілген кезі болатын. 

Роуч Пакьяо мен Ханның кездесулері бір уақытта өтетін кездері екі боксшыны жиі спаррингке қоятын. Бұған Роучтің сұқбаттары да дәлел. Ол өз сұқбаттарының көбісінде Мэннидің Ханды талай мәрте ұрғанын айтқан. Тіп бір спарринг кезінде нокаутқа да түсіріпті. 

Бирн бұл спарринг кезінде болмағанын айтады. Бірақ дәл сол күні залда болған боксшылардан оған Пакьяоның Амирді нокаутқа жібргенін естіген. 

"Мен бұл нокаутты өзім көргенім жоқ. Бірақ залдағы жігіттердің барлығы Пакьяоның Ханды оңдырмай нокаутқа жібергенін айтты. Тіпті Хан есін жия алмай қалған екен. 

Ханның жағы әлсіз. Ол мықты боксшы. Соққыларының жылдамдығы да керемет. Бірақ оның жағы ... Өте әлсіз. Роуч Ханға талай мәрте дистанция сақтап жұдырықтас деп айтатын. Бірақ ол үнемі қарсыласына жақын жүретін" , - деп келтіреді бұл жағдайды Sky Sports. 

Айта кетейік, 2016 жылы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес алтыншы раундта Амир Ханды нокаутқа түсірген болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети