06 ақпан 2020 17:59

Сауль Альвареске қарсыласты кім таңдайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Промоутер Оскар Де Ла Хойя өзінің басты жұлдызы мексикалық Сауль "Кнело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) арада араздық барын жоққа шығарып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Промоутер Оскар Де Ла Хойя өзінің басты жұлдызы мексикалық Сауль "Кнело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) арада араздық барын жоққа шығарып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Golden Boy басшысының айтуынша, "Канеломен" арадаға қызметтік қатынас тамаша және алдағы күндері ол Альварестің 2 мамырдағы жекпе-жегіне кімнің қарсылас болатынын талқылау үшін жеке кездеседі. 

Дегенмен, The Athletic порталының инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Де Ла Хойя жағдай құрдымда болғанымен сыр бермей отыр екен. Ал шындығына келгенде "Канело" промоутермен мүлде сөйлеспейді. Олар тек адвокаттар арқылы байланысады екен. Оның үстіне Де Ла Хойя мен Альварес арасында ешқандай да кездесу жоспарланбаған. Мексикалық кіммен жұдырықтасатынын өзі ғана шешеді-мыс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети