13 маусым 2017 19:32

Сауль "Канело" Альварестің сүйіктісі жүкті - журнал

ПОДЕЛИТЬСЯ

© oem.com.mx © oem.com.mx

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жақында әке атанады. Бұл туралы TV Notas хабарлайды. 


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жақында әке атанады. Бұл туралы TV Notas хабарлайды. 

Журнал мәліметінше, Фернанда Гомес Альварестің баласын көтеріп жүр. Жарасымды жұптың кездесіп жүргеніне көп болмаған, олар ресми түрде тек 2016 жылдың қазанында Нью-Йоркте қайырымдылық кешінде бірге келгенде кездесіп жүргені туралы жариялады. 

24 жастағы Гомес Мехико тұрғыны. Қыз баланың есімі еш жерде шыққан емес, ол осы күнге дейін сұхбат беріп көрмепті. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, Альваресті қызбен Оскар Де Ла Хойя таныстырған. Гомес туралы толық мәліметті мына жерден оқуға болады. 

27 жастағы Альварес бірде-бір үйленбеген. Бірақ ол бірнеше атақты қыздармен көңіл жарастырған, оның ішінде сән әлемінің модельдері, тележүргізушілер және "Әлем аруы" байқауының қатысушылары бар. Боксшының Эмили Цинцамон есімді тоғыз жастағы қызы бар. 

Айта кетейік, Сауль "Канело" Альварестің келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Головкин қарағандылық Алина Головкинамен 2007 жылы 7 шілдеде отау құрған. 2009 жылы олардың Вадим есімді ұлы дүниеге келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети