16 қаңтар 2017 10:33

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Головкинді ағылшын тілін білмейді деп сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ToFight.Ru © ToFight.Ru

Төрт салмақ категориясы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Эдриен Бронер (32-2, 24 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сынға алды (36-0, 33 КО), - деп хабарлайды Vesti.kz.


Төрт салмақ категориясы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Эдриен Бронер (32-2, 24 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сынға алды (36-0, 33 КО), - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америалық Головкин - Пакьяо арасында өтеді делінген жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Ол Пакьяомен Головкиннің орнына өзі шыққысы келеді екен. Ол Головкинге қарағанда өзі PPV бойынша жоғары сатылым жинап, үлкен гонорар алып бере алатынын айтып отыр.

"Мен оған сөзсіз қажетпін. Оған соңғы жекпе-жегі үшін қанша төледі? Мен мұны айтпай-ақ қояйын. Менің айтарым, Пакьяо екеуміздің жекпе-жегіміз қанша жинай алатынын білемін. Қыруар ақша! Мен өзімді қатты жарнамалаймын, білесіздер. Мен айтарымды айтамын. Головкинді мысалға алайық. Оны Америкада жарнамалағысы келеді. Бірақ ол ағылшын тілін білмейді ғой. Ал енді мені PPV-ға қойыңыз, барлығы мені тамашалайды, өйткені мен не айтып тұрғанымды білемін. Айырмашылық осы", - деп келтіреді BoxingScene.com Бронердің сөзін.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети