29 қыркүйек 2021 12:54

 "7-20-25": аймақтан Алматыға көшіп, ірі мегаполистен қалай пәтер алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Аймақтан көшіп келген соң "7-20-25" бағдарламасы арқылы Алматыдан пәтер алған Нұғымановтар отбасы өз тәжірибесін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аймақтан көшіп келген соң "7-20-25" бағдарламасы арқылы Алматыдан пәтер алған Нұғымановтар отбасы өз тәжірибесін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кететін жайт, Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы Қазақстан ішінде 343 мыңнан астам азамат өңірлерге қоныс аударған. Олардың көпшілігі әрине, Алматы қаласындағы өмірді таңдаған. Мысалы, былтыр Алматы, Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан оңтүстік астанаға 72 мыңнан астам азамат көшіп келіпті.

Солардың арасында Зәуре Нұғыманова да отбасымен бірге Алматыға қоныс аударған. Шалғай өңірден келіп, ірі мегаполистен су жаңа пәтер алған отбасы мұның жолдары қандай екенін айтып берді.

"Алматы қаласына Шығыс Қазақстан облысынан көшіп келдік. Алғашында, қаланың әр шетінен пәтер жалдап тұрдық. Ал қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін зейнетақы қорындағы жинақты пайдалануға рұқсат берген кезде, жолдасымының 5 миллион теңге жинағын алғашқы жарнаға пайдаландық. Бірінші барған банк ипотеканы мақұлдамады, бірақ, жолымыз болып, екінші банк арқылы ипотека рәсімдедік", - дейді Зәуре Нұғыманова.

Оның айтуынша, жолдасы екеуі "7-20-25" бағдарламасы туралы аяқасты естіп, бағын сынап көрмек болған. Құжат жинап, оларды рәсімдеуге шамамен 20 күн уақыт кеткен. Осылайша, бір ай ішінде инженерлер отбасы жаңа пәтерге қоныс аударған.

"Үйді ұзақ іздедік. Бір күні қаланың орталығында салынып жатқан жаңа тұрғын үйдің сату бөліміне келдік. Ондағы менеджер алдымен құрылыс барысы туралы ақпарат беріп, салынып жатқан үйден "7-20-25" бағдарламасы арқылы үй алуға болатынын хабарлады. Содан банкке барып, бағдарлама бойынша ипотека алдық. Қазір, міне, жаңа үйімізде тұрып жатырмыз", - дейді Зәуре Нұғыманова.

Естеріңізге сала кетейік, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы жылына 7 пайыз сыйақы көлемімен төмен пайызда тиімді ипотека ұсынатын бағдарлама. Алғашқы жарна - үй құнының 20 пайызына тең. Ең бастысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкенттен алынатын үй бағасы 25 миллион теңгеден, Қарағандыда 20 миллион теңгеден, өзге өңірлерден 15 миллион теңгеден аспауы шарт. Ипотека мерзімі - 25 жылға дейінгі мерзімді қамтиды.

Бағдарламаны қаржыландыруға Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Қазақстанның Халық Банкі, Еуразиялық банк, Jusan Bank, Bank RBK, Forte Bank, Altyn bank сияқты екінші деңгейлі банктер қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды "Қазақстанның орнықтылық қоры" ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети