24 қараша 2016 16:43

Алматының жаңа үйлеріндегі ең кең апартаменттер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© stroyspb.narod.ru © stroyspb.narod.ru

Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары тұрғын үй кешендеріне қатысты өз мәліметтер базасы негізінде Алматының жаңа үйлеріндегі ең үлкен пәтерлердің рейтингін әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жылжымайтын мүлік сатып алушыларға арналған Homsters.kz халықаралық онлайн-сервисінің сарапшылары тұрғын үй кешендеріне қатысты өз мәліметтер базасы негізінде Алматының жаңа үйлеріндегі ең үлкен пәтерлердің рейтингін әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік астанадағы ең үлкен пәтер Наурызбай ауданындағы Miras Park тұрғын үй кешенінде сатылады. Екі деңгейлі апартаменттердің ауданы - 351 шаршы метр. Бірінші қабатта асүй, қонақ бөлме, үш жатын бөлме және санитарлық тораптар орналасқан. Екінші қабатта тағы бір жатын бөлме бар. Бұл пәтердің бір шаршы метрінің құны - 640 мың теңге, ал пәтердің жалпы құны - 225 миллион теңгеге жуық. Тұрғын үй 2015 жылдың соңында пайдалануға берілген.

Бұдан кейінгі ең үлкен пәтерлер - Медеу ауданындағы Dostyk Residence тұрғын үй кешенінің ауданы 340 шаршы метр болатын апартаменттері. Кешенде жеті қабат пен 360 пәтер бар. Ең кең пәтерлері екі деңгейлі. Үй салушы ұсынған жоба бойынша оның бірінші қабатында асүй-асхана, жатын бөлме, кабинет, шарап залы, бильярд залы мен екі жуыну бөлмесі орналасқан. Екінші қабатта тағы екі жатын бөлме, қонақ бөлме, кітапхана, демалыс бөлмесі, екі терраса және екі жуыну бөлмесі бар. Мұндай пәтердегі бір шаршы метрдің құны тазаланып әрленбеген күйде 551 мың теңгеден басталады. Апартаменттің құны 187 миллион теңгеден асады. Нысан құрылысы 2016 жылы аяқталған.

Алматының ең кең пәтерлері рейтингінің үшінші орнын Бостандық ауданындағы, республика президенті резиденциясына жақын орналасқан "Жерұйық" тұрғын үй кешеніндегі пентхаус иеленіп отыр. Оның шаршы метрінің құны 545 мың теңгеден басталады. Үй салушы ұсынған жеті бөлмелі апартаменттердің жалпы ауданы - 328 шаршы метр, бағасы - 180 миллион теңгеге жуық. Кешен 2015 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілген.

"Ақ Әлем" тұрғын үй кешеніндегі ауданы 290 шаршы метр болатын, қаланы жоғарыдан тамашалауға мүмкіндік беретін екі деңгейлі пентхаус рейтингтің төртінші орнында. Пәтерде жеті бөлме бар: бес жатын бөлме, бір қонақ бөлме, кабинет, екі санитарлық торап және асүй. Мұндай апартаменттердің бір шаршы метрінің құны 500 мың теңгеден басталады, нысанның құны - 145 миллион теңге. Үй 2015 жылы салынып біткен.

Рейтингтегі бестікті Бостандық ауданындағы "Алма" тұрғын үй кешені ұсынатын 212 шаршы метр ауданы бар апартаменттер түйіндейді. Екі деңгейлі бұл пәтерлерде үш жатын бөлме, асүй, қонақ бөлме, еркін пайдалануға арналған жеке бөлме (оны кабинет түрінде жабдықтауға да болады) төрт санитарлық торап бар. Мұнда бір шаршы метрдің құны 400 мың теңгеден басталады, ал ең үлкен апартаменттердің бағасы - 85 миллион теңге шамасында. Үй 2016 жылы пайдалануға берілген.

Бұл рейтингте 2014 жылдан бастап пайдалануға берілген және қазіргі уақытта сатылып жатқан нысандар ғана есепке алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Homsters.kz мамандары Астана мен Алматыдағы ауданы шағын баспаналар нарығына талдау жасаған еді. Ауданы 17-30 шаршы метр болатын мұндай шағын пәтерлердің бағасы -3,5-11 миллион теңге аралығында. Ал олардың әр шаршы метрінің құны 170 мың теңгеден басталады. Салыстыру үшін айта кетейік, еліміздің Статистика комитетінің мәліметінше, Астанада баспананың бір шаршы метрінің орташа нарықтық бағасы - 342 мың теңге, ал Алматыда - 319 мың теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети