Қазақстанда тұрғын үй саудасы 5,5 пайызға өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тұрғын үй саудасы 5,5 пайызға өсті © allday.ru

Қазақстанда тұрғын үй саудасы 5,5 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz порталына сілтеме жасап. Мұндай мәліметті ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов ОКҚ брифингі барысында хабарлады.


Қазақстанда тұрғын үй саудасы 5,5 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Strategy2050.kz порталына сілтеме жасап. Мұндай мәліметті ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов ОКҚ брифингі барысында хабарлады.

Смайыловтың сөзіне қарағанда, Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелерінің саны 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 5,5 пайызға өсіп, 35 209-ға жеткен. Мәмілелердің басым бөлігі Астана мен Алматыда жасалған. Ал тұрғын үйлерді пайдалануға беру 1 тоқсанда 20 пайызға көбейіп, көлемі 2 миллион 702 шаршы метрге жетті.

"Оның ішінде 1 миллион 164 мың шаршы метр - жеке пәтер болса, 836 мың шаршы метр - көп пәтерлі үйлер. Теңге көрсеткішімен есептегенде жыл басынан бері баға 1,8 пайызға көбейді. Наурыз айында баға ел бойынша 1 шаршы метріне 225 мың теңге болды. Өткен жылы теңгенің бағамына енген өзгертуді есептесек, жалпы баспанаға деген баға доллар көрсеткішінде төмендеді", - деді ол.

Оның айтуынша, теңге көрсеткішінде баспанаға деген баға Атырау қаласында қалғандарына қарағанда өскен. "Бұл жерде 3 ай ішінде баға 10 пайызға өскен. Сондай-ақ, мына аймақтарда баға көтерілді: Астана қаласында - 1 шаршы метрі 303 мың теңге, Алматы - 287 мың теңге, Атырау - 271 мың теңге. Ең төмен бағалар: Жезқазған, Тараз, Талдықорған қалаларында тіркелді, онда 1 шаршы метр 90 мың теңгеге бағаланады", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +23
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +25
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +21
П
Павлодар +20
Петропавл +23
С
Семей +22
Т
Талдықорған +22
Тараз +23
Түркістан +20
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер