29 қараша 2018 10:24

Салынып жатқан үйден пәтер алу үшін екі жылда ақша жинауға болады - Зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Жас отбасына депозит төлемі 10,5 пайыз болған жағдайда салынып жатқан үйдегі пәтердің алғашқы жарнасына ақша жинау үшін шамамен 25 ай уақыт керек. Мұндай пікірді Ranking.kz сарапшылары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшылар жүргізген зерттеуге сүйенсек, ірі қалалардың тұрғындары Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының бағдарламалары бойынша тез уақыт ішінде ақша жинай алады екен. Мысалы, Оралда жас отбасылар - 16 айда, Атырау, Ақтау, Павлодар, Қызылорда және Тараздағылар 17 айда алғашқы жарнаны жинай алады. Ал ақша жинауға біраз уақыт кететін қалалардың тізімінде Шымкент - 40 ай, Алматы және Өскемен (26 ай) тұр.

"Салынып жатқан үйлердегі пәтерлердің бағасы пайдалануға берілген пәтерлердің бағасынан 20 пайызға арзан. Салынып жатқан үйдегі пәтердің шаршы метрі 212,3 мың теңге, бір бөлмелі пәтерді онда 7,5 миллион теңгеге алуға болады", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети