03 мамыр 2014 14:27

Ағайынды Вайнштейндердің "Марко Поло" сериалының Қазақстандағы түсірілімі аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түсіру алаңында Фото ©Ахат Ыбраев. Түсіру алаңында Фото ©Ахат Ыбраев.

Ағайынды Вайнштейндердің "Марко Поло" сериалының Қазақстандағы түсірілімі аяқталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне халықаралық жобаның продюсері ADIGUL family films компаниясының өкілі Архат Ыбраев мәлім етті. 


Ағайынды Вайнштейндердің "Марко Поло" сериалының Қазақстандағы түсірілімі аяқталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне халықаралық жобаның продюсері ADIGUL family films компаниясының өкілі Архат Ыбраев мәлім етті. 

Жұмыс 22 күн бойы жүргізілді. Түсірілмнің 17 күні Шарын шатқалындағы "Ағаш көл" ауданында құмды дала эпизодтарын түсіруге кеткен. Ақсай ауылында соғыс көрінстері, Аласа ауылында Құбылай ханның ағасының ауылы жасалды. Ыбраевтың айтуынша, мұндай аса ірі түсірілім бір айдың ішінде бітуі үшін орасан зор жұмыс жасалған.

"Топ 135 шетелдіктен құрылған. Қазақстандықтарды қосқанда 400 адам. Бізде көлік, виза, тіпті адамдардың мінезі жағынан да қиындықтар болды. Логистика жағынан да қиналдық. Түсірілім алаңына адамдарды жеткізу өте қиын болды. Адамдардың саны өте көп болғандықтан әртүрлі қонақүйлерге орналастырылды. Тарихи жоба болғандықтан костюмдер де, декорация да, адамдар да көп. Әдетте мұндай дайындық басқа жобаларда бір жыл уақытты қажет етеді. Біз бұл жұмысты бір айда бітірдік. Осы жобаның арқасында біз ірі көлемдегі түсірілімдерді жүзеге асыруға мүмкіндігіміздің бар екеніне көзіміз жетті", дейді Ыбраев.

  Түсіру алаңында Фото ©Ахат Ыбраев.

"Қазақстандық тарап шетелдік кинемотография мамандарының барлық талаптарына дайын болды. Тек аударма жағынан қиындықтар болғандықтан арасында ым-ишаратпен түсінісуге тура келді. Мамандардың өзіндік талаптарының болуы қалыпты жағдай. Бұл туралы бізге алдын ала ескертілген. Біз бәріне дайын болдық. Мысалы, түсірілім тобының ішінде күнде Кока кола, құлпынай, шоколад, жаңғақ талап ететін адамдар да болды. Осыларды ен далада табуға тура келді. Бірақ біраз уақыттан кейін кез келген қиындыққа да үйреніп кеттік. Бізде ағылшын тілін жақсы білетін мамандардан басқа барлығы жеткілікті болды. Шетелдік кинемотография мамандары не сұраса, барлығын алдыларына тосуға әзір болдық", дейді Ыбраев.   

Бұған дейін жоба басқа елдерде түсірілмекші болған. Қытайда түсіру жоспарланғанда режиссерлерге ондағы ландшафт ұнамаған, ал Моңғолияда инфрақұрылым кәсіби кинемотографияның талаптарына сай келмеген және виза мен техника жағынан қиындықтар туған.


"Марко Поло" сериалына бірнеше себеппен Қазақстан таңдалды. Бұл жақта табиғат та жақсы, кәсіби мамандар да бар және жалпы алғанда түсіру аса қымбатқа түспейді.

"Марко Поло" сериалын түсісуге жергілікті билік, оның ішінде Алматы облысының әкімдігі және СІМ көмектесті. Эпизодтық рөлдерде 20-дан астам отандық актер мен 10 каскадер қатысты. Бүгінде олар түсірілімді аяқтау үшін топпен бірге Малайзияға кетті. "Түсірілім қалай тез басталса, солай тез аяқталды. Сериал өте сәтті түсірілді, ауа райы да жақсы болды, күннің батуы секілді әдемі көріністер түсірілді. Шетелдіктерге Қазақстан қатты ұнады. Сериал бірнеше мерзімнен тұратын болғандықтан олар бізге тағы да келуі мүмкін", дейді А.Ыбраев.

Естеріңізге сала кетейік, он сериалы телевизиялық драманы Weinstein компаниясы мен Netflix телеарнасы бірлесіп түсіруде. Сериалда XIII ғасырда Қытай жеріндегі оқиға суреттеледі. Дәл осы жерде "Марко Поло" өзінің жазбаларын бірнеше жыл жазған.

Продюсер Харви Вайнштейннің айтуынша, "Марко Поло" сериалының сюжеті саяси құйтырқыларға, махаббат оқиғаларына толы болмақ.

Картинада басты рөлді "Борджиа" фильмінен белгілі италиялық актер Лоренцо Рикельми ойнайды. "Марко Поло" сериалының режиссерлері "Оскар" жүлдесінің аталым бойынша жүлдегерлері Хоаким Роннинг пен Эспен Сэндберг ("Кон-Тики", "Бандитки"). Жобаның продюсерлік құрамына Харви мен Боб Вайнштейндер басшылық етеді. Олар Miramax студиясы мен Weinstein company компаниясының негізін қалаған.

"Морко Поло" сериалы 2014 жылдың соңында шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети