21 қаңтар 2021 15:59

"Алғыштар мен бергіштер". Ақан Сатаев парақорлар туралы бейнеролик түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

"Қазақфильм" киностудиясының президенті, танымал режиссер Ақан Сатаев парақорлар туралы қысқа әлеуметтік ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақфильм" киностудиясының президенті, танымал режиссер Ақан Сатаев парақорлар туралы қысқа әлеуметтік ролик түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Николай Дроздовтың "Жануарлар әлемінде" атты әйгілі бағдарламасының стилінде түсірілген. Онда бағдарламадағыдай көптеген адамға таныс музыканың фонында алғыштар мен бергіштер туралы әңгімеленеді. 

"Алдымызда осы түрдің жарқын өкілі тұр. Алғыштар тыныш жерді жақсы көреді және әдетте жақсы тәбетімен ерекшеленеді. Олар ашкөз және өте сақ. Бергіштерді оңаша орында сағаттап күте алады. Ал мынау - бергіш. Ол ұрланған олжасынан бұдан да көп пайда табуға үміттеніп, алғышқа беру үшін кездесуге асығып барады. Олардың әдеттері бір-біріне өте ұқсайды", - делінген видеода.

Ролик ұялы телефонға түсірілген, ал бюджеті 50 мың теңге. Басты рольдерді Талғат Сыдықбеков пен Ғайдар Гильманов сомдаған.

"Менің жақын досым, табысты кәсіпкер Гафур Ихсан алғыштар мен бергіштер туралы әзіл ойлап тапқан еді... Нәтижесінде телефонымды алып, осы тақырыпта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне  әлеуметтік ролик түсіруді ұйғардым", - деді Сатаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети