13 тамыз 2021 18:40

Белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов туралы деректі жоба жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото almaty.tv сайтынан Фото almaty.tv сайтынан

"Алматы" телеарнасында белгілі режиссер, сценарист, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қазақ киносының мэтрі Сатыбалды Нарымбетов туралы деректі жоба жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарна сайтына сілтеме жасап.

"Кино және әдебиет саласында өзіндік суреткерлік әлемін қалыптастырып, қоғам бейнесін, заманның жаңарған келбетін өнер тілімен жеткізген халық мұрасының жанашыры, дарынды тұлға ғұмырын киноға арнап, өзінен кейінгі ұрпақты сауаттылыққа жетеледі.

Әр туындысын баласындай көріп, халықтың тыныс-тіршілігін экран арқылы жеткізе білді. Өткен заманның бүлкілдеген тамырына дөп түсті", - деп жазылған телеарна сайтында. 

Сатыбалды Нарымбетовтың Мұстафа Шоқай, Кенесары хан туралы жазған диссертациясы үшін қуғындалып, түрмеге түскен тарихшы Ермұхан Бекмаханов жайындағы "Аманат" фильмі де көрермен ықыласына бөленді. Бұдан өзге ол - "Созақтан шыққан Гамлет", "Балалық шағымның Дон Кихоты", "Ауылдан келген күйеу", "Ас-салаумағалейкум, Атлантида", "Айғай" фильмдерінің авторы. Көбінің сценарийін өзі жазып, кино өнеріне бүкіл саналы ғұмырын арнаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети