03 мамыр 2019 19:51

Дариға Бадықова образдары, карьерасы және балалық шағы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Актриса Дариға Бадықова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актриса Дариға Бадықова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актриса сұхбатында жеке өмірі, образдарға қалай кіретіні жайлы әңгімелеп берді. Айтуынша, актриса образдарда әдетте базарлар мен қоғамдық көліктердегі адамдарға қарап отырып табады. Сонымен қатар, Бадықова өзінің мінез-құлқы жайлы, карьерасына, отбасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Реклама
Реклама

Бұдан бөлек, актриса неге сұхбат беруден қашатынын айтты. "Соның не керегі бар деп ойлаймын. Мен тіпті түсірілім кезіндегі үзілістерде режиссерлермен барып сөйлеспейді екенмін. Өзімді өмірде ашқым келмейді. Кейін "достойный" болғанда сұхбат беремін", - деп күледі актриса.

Сондай-ақ, Дариға Бадықова қазақстандық киноларға және гонорарға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында Kain Rivers, телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері және тағы басқалар болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram