Әйгілі телепат Ләйлә Сұлтанқызының сұрақтарын алдын-ала біліп қойды - "The Эфир"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Израильдық белгілі телепат, менталист, адам ойын алдын ала оқи алатын қасиеті бар Лиор Сушард (Lior Suchard) Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Израильдық белгілі телепат, менталист, адам ойын алдын ала оқи алатын қасиеті бар Лиор Сушард (Lior Suchard) Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телепат сұхбатында позитив ойлаудың құпияларын, ата-анасы мен отбасы және әлемді таңғалдырып жүрген сиқырларын қалай жасайтынын бөліседі. 

Сондай-ақ, ол сұхбатында өзін неліктен экстрасенс, балгер деп атағанды қате деп есептейтінін түсіндіреді. 

"Мен маг, экстрасенс емес, менталиспін, адамдардың ойлау негізін білемін. Мен мұны маған құдайдың берген сыйы мен туа біткен және жылдар бойы қалыптасқан қасиеттерімнің қосындысы деп айтар едім. Өзіммен жұмыс істеймін, мен қолданатын техниканың барлығы өзім шығарған концепциялар", - деп түсіндірген ол адамдардың ойындағы негатив пен позитив жайлы айтып берді.

Ол Барбра Стрейзанд, Ким Кардашьян, Джениффер Лопестермен өткізген шоуларын айта келе Ләйлә Сұлтанқызымен қызықты тәжірибе жасап көрді. Сүхбат соңында телепаттың Нұр-Сұлтанда өткен шоуынан үзінді көрсетіледі.

Лиор Сушард - өз қабілетін америкалық, израильдық, ресейлік шоуларда көрсетіп, әлемге танылған адам. Лиор тренингтер мен корпоративтік консультациялар ұйымдастырады, ірі корпорацияларға бизнес-идея жасайды. Бүгінде ол әлем бойынша дәрістер өткізіп жүр.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, театр және кино актері Әбунасыр Серіков және тағы басқалар болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.22  course up  601.59  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer