Мейірғат Амангелдин отбасы, театр және "Каникулы oффлайн" жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир".

29 Наурыз, 18:58
0
Мейірғат Амангелдин отбасы, театр және "Каникулы oффлайн" жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир". -

"Қазақ хандығы. Алтын тақ" көркем фильмінде басты рольді сомдаған және "Каникулы oффлайн" фильміне түскен Мейірғат Амангелдин Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актер сұхбатында отбасы, балалық шағы және өнер саласына қалай келгені жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, ол танымалдық, сынды қалай қабылдайтыны туралы сұрақтарға жауап берді.

"Естіген шығармын, қабылдаған да шығармын. Ол сынды жүрегіме қатты қабылдамаған болармын. Қазір, мысалы театрға барамын - онда таңертеңнен түнге дейін сын естимін. Күнделікті естимін. Сынды қабылдай аламын. (...)", - дейді Мейірғат Амангелдин.

Бұдан бөлек, ол тариxи және заманауи фильмдерге қатысты пікір білдіріп, ондағы түсірілімдердің қалай өтетіні жайлы айтып берді.

Сұхбат соңында актер жеке өмірі мен болашаққа жоспарлары жайлы әңгімеледі.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, театр және кино актері Әбунасыр Серіков, блогер Дана Есеева және тағы басқалар болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай