01 ақпан 2019 19:44

Әбунасыр Серіков отандық кино және гонорары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Театр және кино актері Әбунасыр Серіков Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Театр және кино актері Әбунасыр Серіков Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актер отандық кино, оның ішінде комедия жанрындағы фильмдердің көптігіне қатысты ойын айтты. Сондай-ақ, ол отбасы, бала тәрбиесі мен гонорары жайлы сұрақтарға жауап берді.

Бұдан бөлек, бағдарлама қонағы тойларда өнер көрсетуге қатысты пікір білдірді. "Мен тойға шықпаймын. Неге екенін білмеймін. Бірақ оған да уақыт келетін шығар. Той жүргізу оңай нәрсе емес", - дейді Серіков.

Сонымен қатар, актер әскерде қызмет еткен кездердегі қызықты сәттерін еске алды.

Еске салайық, 31 қаңтарда "Брат или брак" комедиясының жалғасы шыққан болатын. Әбунасыр Серіков онда басты рөлдердің бірін сомдаған еді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында блогер Дана Есеева, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев, қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет,  режиссер Тимур Бекмамбетов, әншілер Әбдіжаппар ӘлқожаАртур мен Райым, театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети