Еркебұлан Сейдахмет Ресейдегі өмірі, қазақстандық футбол және жоспарлары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

28 Желтоқсан 2018, 17:28
0
Еркебұлан Сейдахмет Ресейдегі өмірі, қазақстандық футбол және жоспарлары жайлы.  Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" -

Қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еркебұлан Сейдахмет сұхбатында футболға қалай келгені, Ресейдегі өмірі және анасы жайлы әңгімелеп, Қазақстандағы футболға қатысты ойын айтты. 

"(...) Футболға алғаш рет 6-7 жасымда бардым. Жарыстар көп болды, көп ұштық. Сабаққа үлгере алмай кеткен кездер болды, қосымшаға да баруға үлгермей кеткен едім. Дегенмен ҰБТ-ны жақсы тапсырдым", - дейді 18 жастағы футболшы.

Мұнымен қоса, спортшы қай футболшыларды үлгі тұтатыны жайлы сұраққа жауап берді.

Еркебұлан Сейдахмет футболдың бизнес екенін жасырмады. Айтуынша, футболда ақша көп және онда жақсы табыс табуға болады. Алайда ол нақты қанша жалақы алатынын айтпады.

"Ол құпия мәлімет. Мен өзімнің қанша тұратынымды айта алмаймын. Клубтардың да қаншаға сатып алатынын білмеймін. Ресейге келгенде менің командам жоқ болатын. Ешкіммен келісімшарт та болмады. Ал қазір Уфамен келісімшарттамын. Ал Қазақстан құрамасында ойнағаным үшін еш ақша алмаймын. Тек өз елімнің намысын қорғау үшін ойнаймын. (...) Айлықты бізге жариялап айтуға болмайды", - дейді футболшы.

Бұдан бөлек, Еркебұлан өзге елде қандай кедергілерге тап болғаны жайлы, сондай-ақ, болашаққа жоспарларын айтып берді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында режиссер Тимур Бекмамбетов, әншілер Әбдіжаппар ӘлқожаАртур мен Райым, театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген, Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай