25 қаңтар 2019 19:10

Дана Есеева жұбайы Мейіржан Төребаев пен вайндар жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогер әрі кәсіпкер Дана Есеева Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Блогер әрі кәсіпкер Дана Есеева Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер сұхбатында Мейіржан Төребаевпен қалай танысқаны жайлы, қазақтың салт-дәстүрлері, жеке кәсібі және вайнға түсуді қалай бастағаны жайлы әңгімеледі.

Дана өзінің қандай келін екенін айтып, орамал тағуға қатысты ойын айтты. "Орамал тағып, сәлем беруден түк қиындық көрген жоқпын. Онда тұрған не қиындық бар? Маған қазір ыңғайлы және ол бүгінде әдемі көрінеді. (...) Меніңше, ол өте әдемі. Қазақ қыздарына орамал жарасады", - дейді Есеева.

Бұдан бөлек, кәсіпкер вайндарға айтылатын пікірлер жайлы, бұл бизнестің қаншалықты табысты екенін, сондай-ақ, бала тәрбиесімен қалай айналысатыны жайлы сұрақтарға жауап берді.

Мұның алдында Мейіржан Төребаевтың өзі де "The Эфир" жобасының қонағы болып, Қазақстанға келгенге дейінгі өмірі мен әйелі Дана Есеева жайлы сұрақтарға жауап берген еді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев, қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет,  режиссер Тимур Бекмамбетов, әншілер Әбдіжаппар ӘлқожаАртур мен Райым, театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети