Балжан Бидаш "Евровидение", "КешYou"-дан кетуі және жеке шығармашылығы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

15 Наурыз, 19:18
0

"КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші сұхбатында "Евровидение" байқауына қалай барып келгені туралы әңгімелеп, отбасы және жеке шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Балжанның айтуынша, ол бала кезінен "Евровидениеге" қатысуды армандаған.

"Бала кезімнен армандадым. Сол арманның бір қадамына бардым деп айтсам болады. Ол байқаудың қалай өтетінін көрдім. Шындығына келсем, мақсатым осы байқауда жеңіске жету емес, тек қатысып көру болды. Өзімді сынау ретінде. (...)", - дейді Балжан.    

Сондай-ақ, қазақстандық әнші "КешYou" тобындағы күндерін есіне алып, ондағы қыздармен қарым-қатынасы жайлы айтып, топтан неліктен кеткені жайлы ашып айтты.

Еске салайық, мұның алдында "КешYou" тобының экс-солистері Айдана Меденова мен Ақбота-Нұр Сейітмағамбет "The Эфир" жобасының қонақтары болған еді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, театр және кино актері Әбунасыр Серіков, блогер Дана Есеева және тағы басқалар болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай