05 сәуір 2019 19:31

Ернар Айдар жол апатынан кейінгі өмірі мен жұбайы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әнші Ернар Айдар Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі әнші Ернар Айдар Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші сұхбатында жол апатынан кейін өмірі қалай өзгергені жайлы, өзінің мінез-құлқы және киімге қанша ақша жұмсайтыны жайлы айтып берді. Еске салайық, Ернар Айдар 2017 жылдың сәуірінде жол апатына ұшыраған болатын.

"Жол апатынан кейін өмірім өзгерді. Адамның өмірі секундта өзгереді екен. Көзім соған жетті. Сен басқа жақта боласың - ән де айта алмайсың, ақша да таба алмайсың. (...) Сол кезде кімнің кім екенін ажыраттым, бірақ ешкімнен безген жоқпын, жек көріп қалған да жоқпын. Ол да солай болуы керек шығар", - дейді әнші.

Сондай-ақ, ол сұхбатында достық туралы не ойлайтынын айтып, жұбайы мен анасына қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, театр және кино актері Әбунасыр Серіков және тағы басқалар болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети