26 сәуір 2019 19:37

Kain Rivers шығармашылығы, Димаш Құдайберген және арманы жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 жасында 50 авторлық әні бар Kain Rivers Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


14 жасында 50 авторлық әні бар Kain Rivers Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі әнші сұхбатында Қазақстан жайлы, танымалдық және шығармашылыққа қалай келгені туралы сұрақтарға жауап берді. Айтуынша, ол 3 жасынан ән айта бастаған.

Бұдан бөлек, әнші қазақстандық Димаш Құдайберген, Данэлия Төлешова, Jah Khalib Бақтияр Мамедовқа қатысты ойын айтты. "Олардың дауыстары ерекше. (...) Маған адамдардың ешкімге ұқсамайтын индивуал болғаны ұнайды. Олардың әрқайсының өз бағыты бар. Димашты қатты жақсы көремін, сыйлаймын. (...)", - дейді Kain Rivers.

Сондай-ақ, ол сұхбатында қандай фильмдерге түскені және қандай жанрлардағы әндерді ұнататыны жайлы айта отырып, жоспарларын бөлісті.

Kain Rivers - орыс, украин, ағылшын, испан, қытай тілдерінде ән айтатын жас жұлдыз. "Новая Волна", "Детское Евровидение", "Голос. Дети" байқауларының финалисі.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, "КешYou" тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, "Назар аудар" жобасының мүшелері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев және тағы басқалар болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети