23 ақпан 2015 10:32

"Ида" картинасы "Оскар" жүлдесіне таласта "Левиафан" фильмінен озып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Поляк режиссері Павел Павликовтың "Ида" (Ida) картинасы "шет тіліндегі үздік фильм" аталымындағы "Оскар" жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды РИА Новости. "Оскар" жүлдесінің 87-марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтіп жатыр.


Поляк режиссері Павел Павликовтың "Ида" (Ida) картинасы "шет тіліндегі үздік фильм" аталымындағы "Оскар" жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды РИА Новости. "Оскар" жүлдесінің 87-марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұл аталымда Ресей режиссері Андрей Звягинцевтің "Левиафан" фильмі, эстон картинасы "Мандариндер" (Tendorines) (режиссері Заза Урушадзе), Мавритания режиссері Абдеррахман Сисаконың "Тимбукту" (Timbuktu) және Аргентина режиссері Дамиана Шифронның "Жабайы оқиғалар" фильмі таласқан еді.

"Ида" фильмінің оқиғасы өткен ғасырдың 60-жылдарында Польшада өрбиді. Монастырда тұратын қыз Анна (Ида) ан беру алдында өзінің шыққан тегі еврей екенін біледі. Бұдан кейін ол өз ата-тегін іздеп, өз тағдырын білгісі келеді. Премьерасы 2013 жылдың тамыз айында болған картина сыншылардың оң пікірін алып, халықаралық бірнеше жүлдені иемденді. 

Ал "екінші пландағы үздік актриса" аталымында "Бозбала кезең" фильмінде ойнаған Патриция Аркетт "Оскар" жүлдесін алды. Киносыншылардың болжамы дәл келіп, ол осы аталымда Кира Найтли - "Алдамшы ойын", Эмма Стоун - Бердмэн, Лора Дерн - "Жабайы" және Мэрил Стрип - "Орман тереңіне қарай" сияқты актрисалардан үстем болды.

"Қаһармандар қаласы" (Big Hero 6) мультфильмі "үздік толықметражды мультипликациялық фильм" аталымында "Оскар" жүлдесін жеңіп алды. АҚШ киноакадемиясының таңдауы бойынша жылдың үздік мультфильмі аталымында "Айдаһарды қалай қолға үйрету керек-2" (How to Train Your Dragon 2), "Құбыжықтар жанұясы" (The Boxtrolls), "Теңіз әні" (Song of the Sea) және "Кагуя ханшайым аңызы" (The Tale of the Princess Kaguya) туындылары күрескен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети