15 қаңтар 2015 18:39

"Жұлдыздар шайқасы" сиквелы қазақ тіліне аударылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыздар шайқасы: күштің серпінісі" тизерінен алынған кадр "Жұлдыздар шайқасы: күштің серпінісі" тизерінен алынған кадр

"Жұлдыздар шайқасы" ("Звездные войны") фантастикалық сагасының сиквелы қазақ тіліне дубляждалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Меломан-Кинопрокат" компаниясының ұлттық жобалар бөлімінің жетекшісі Низами Мамедов айтып берді.


"Жұлдыздар шайқасы" ("Звездные войны") фантастикалық сагасының сиквелы қазақ тіліне дубляждалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Меломан-Кинопрокат" компаниясының ұлттық жобалар бөлімінің жетекшісі Низами Мамедов айтып берді.

Фильмнің жалғасы "Жұлдыздар шайқасы: күштің серпінісі" ("Звездные войны: Пробуждение силы") деп аталады, оның түсірілім жұмыстары жалғасып жатыр. "Аудармаға "Болашақ" ассоциациясы мен MARWIN қолдау көрсетті. Тизер - атақты саганың әлі де өмір сүріп жатқанын және желтоқсан айында кезекті сериясының шығатынын дәлелдейді, - дейді Мамедов. - Бұл - біздің қазақ тіліне аударатын 12-ші фильміміз болады".

Осыған дейін "Көліктер-2 / Тачки-2", "Қара киімділер 3 / Люди в черном 3", "Батыл журек/ Храбрая сердцем", "Жаңа Өрмекші-адам / Новый Человек-паук", "Монстрлар Университетi / Университет Монстров", "Жалғыз рейнджер / Одинокий рейнджер", "Малефисента", "Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат" / "Новый Человек-паук: Высокое напряжение", "Галактика сақшылары /Стражи Галактики" фильмдері мен мультфильмдерінің аударылғаны хабарланды. Дистрибьюторлар бірінші фильмнің дубляжына 100 мың АҚШ долларын жұмсады.

"Жұлдыздар шайқасы: күштің серпінісі" фильмін америкалық режиссер Джей Джей Абрамс ғарыш операсы жанрында түсіріп жатыр. Бұл - "Жұлдыздар шайқасы" сагасының жетінші эпизоды болады. Авторлар фильмнің түсірілетіні жайлы Walt Disney компаниясының Lucasfilm кинокомпаниясын сатып алғаннан кейін, 2012 жылы хабарлады. 2014 жылдың 6 қарашасында жетінші эпизодтың "Күштің серпінісі" ("Пробуждение силы") деп аталатыны жарияланды.

Трейлер шөл даладан басталады - кадр сыртындағы дауыс былай дейді: "Күш ояна бастады. Мұны сездің бе?". Айта кетейік, фильмнің авторлары оны бірден 3D форматында түсіруден бас тартып, оны таныстырылымынан кейінгі уақытқа қалдырды. Мамедовтың айтуынша, картинаның сиквелы 2015 жылы желтоқсан айында шығады.

"Жұлдыздар шайқасы" фильмін америкалық режиссер Джордж Лукас ойлап тапты. Киносаганың алты эпизоды 1977, 1980, 1983, 1999, 2002 және 2003 жылдары шықты. 2013 жылдың қазан айында Лукас Lucasfilm кинокомпаниясын Walt Disney корпорациясына 4,05 миллиард долларға сатып жіберді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети