25 қыркүйек 2014 17:17

Қазақстанда "Бойдақ" деп аталатын сериал түсіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Фильмді түсіру барысы. ©Айжан Түгелбаева Фильмді түсіру барысы. ©Айжан Түгелбаева

Қазақстандық режиссер Асқар Ұзабаев он сериялы Boy Duck ("Бойдақ") деп аталатын көркем фильмді түсіруге кірісіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық режиссер Асқар Ұзабаев он сериялы Boy Duck ("Бойдақ") деп аталатын көркем фильмді түсіруге кірісіп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл комедиялық картина Қадырбек атты 43 жастағы бойдақ туралы. Жігіттің жас кезінде өзі үйленгелі жүрген қызын өзге жігіт алып қашып кеткендіктен ол психологиялық жағынан қатты күйзеліске түседі. Осы оқиғадан кейін Қадырбек мүлде үйленбеуге, өмірін тек жұмыс істеуге арнамақшы болады. Алайда уақыт өте келе оның өмірі өзгереді.

Картинаның сюжеті бойынша 20 жыл өткеннен кейін бас кейіпкер өзінің туған күнінде мопедін мініп жұмысқа келеді. Көлік тұрағында оның мопедін үлкен жүк көлігі таптап кетеді. Келеңсіз жағдайлар мұнымен де бітпейді. Қадырбек жұмысқа келгенде өзінің ұзақ жылдар талпынған басшылық қызметінен айырылғанын біледі. Онымен қоймай директорлық қызметке Қадырбектің мопедін таптап кеткен қыз тағайындалады. Кейіннен Қадырбек өзінің бойдақтығының кесірінен басшылық қызметке қабылданбағанын біледі. Осыдан кейін ол өзінің өмірі туралы ойлана келіп, отбасын құруға бел байлайды. 

"Бойдақ" сериалында он серия бойы Қадырбектің басынан небір қызық жағдайлар өтеді. Оған қылықтары ерсі қыздар да кездеседі, бастығынан ұрыс та естиді, қым-қуыт шпиондық оқиғалардың да куәсі болады, әйтеуір соңында ол өзінің бақытын табады. "Бойдақ" комедиялық фильмінде басты рөлдерде Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, "Нысана" театрының актеры Әбунасыр Серіков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әлихан Ыдырышова, белгілі балет бишісі Сәуле Рахмедова ойнайды.

Кейінгі кезде белгілі балерина Сәуле Рахмедова фильмдерге жиі түсіп жүр. Дегенмен бұл жолы ол бірінші рет комедиялық фильмде рөл ойнамақ. "Мен фильмде бас кейіпкердің бастығының рөлінде ойнаймын. Бастық ретінде мен оған күн бермеймін, ақыр соңында екеуміздің арамызда романтикалық сезім пайда болады. Шынын айтсам, мен әлі фильмнің соңы қалай аяқталатынын білмеймін, бірақ әйтеуір соңы "хеппи-энд"-пен бітетіні анық. Әбунасыр өте мықты комедиялық актер, сондай-ақ ол терең, салмақты рөлдерді де тамаша ойнайды. Онымен жұмыс істеудің өзі ғажап", – дейді Сәуле Рахмедова.

"Бойдақ" фильмінің түсірілімі бірнеше аптаға созылады. Сериалдың алғашқы серияларын көрермендер "Хабар" арнасынан 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап көре алады. Сериалды түсірушілердің айтуынша, бұл картина "Кухня", "Клиника" сериалдары секілді көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.    

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети