21 қыркүйек 2015 14:43

Қазақстандық актер "Киношокта" ең үздік ер адам ролі аталымында жеңімпаз атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жандос Айбасов. © Ізтұрған Алдауев Жандос Айбасов. © Ізтұрған Алдауев

Қазақстандық актер Жандос Айбасов ТМД елдері арасында ұйымдастырылатын "Киношок-2015" кинофестивалінде "Ең үздік ер адам ролі" аталымында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық актер Жандос Айбасов ТМД елдері арасында ұйымдастырылатын "Киношок-2015" кинофестивалінде "Ең үздік ер адам ролі" аталымында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшыларды 26 жастағы актердің "Кенже" фильміндегі ролі таңғалдырды. Кинода ол киллердің образын сомдаған болатын. "Кенже" ата-анасынан ерте айырылған ағайындылар туралы. Ауылдағы балалар үйіне орналастырылған бауырлар қалаға қашып кетеді. Арада біраз уақыт өткенде ағайындылар кісі өлтіруге тапсырыс қабылдап, табыс таба бастайды. Бас кейіпкерлер сатқындықты, түңілу мен қатыгездікті бастан өткереді. Есейген олар киллер болады. 

Айта кетейік, фестивальдегі ең басты жүлдені қырғызстандық режиссер Мирлан Әджіхалықовтың "Көктегі қоныс" фильмі жеңіп алды. Ең үздік режиссер атағын "Модрис" картинасы үшін латвиялық Юрис Курситис иемденді.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Ермек Тұрсыновтың "Шал" картинасы "Киношок" жүлдесін жеңіп алған болатын. Ал басты рольдегі Ерболат Тоғұзақов ең үздік актер атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети