05 шілде 2017 09:55

Қазақстандықтардың сүйікті корей актрисасы Сон Хе Ге тұрмысқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемге танымал корей актрисасы Сон Хе Ге әріптесі Сон Чжун Киге қазан айында тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды soompi.com. Бұл туралы актерлердің Blossom Entertainment және UAA агенттіктері хабарлады.


Әлемге танымал корей актрисасы Сон Хе Ге әріптесі Сон Чжун Киге қазан айында тұрмысқа шығады, - деп хабарлайды soompi.com. Бұл туралы актерлердің Blossom Entertainment және UAA агенттіктері хабарлады.

Биыл 36-ға келетін Сон Хе Ге мен дорамадағы әріптесі 32 жастағы Сон Чжун Ки бұл хабарды ұзақ уақыт бойы жасырып келген екен.

"Сәлеметсіздер ме! Бұл Blossom Entertainment және UAA. Ең алдымен, біз корей және халықаралық жанкүйерлерге Сон Чжун Ки мен Соң Хе Геге деген қызығушылықтары мен махаббаттарына алғыс білдіреміз. Бұдан бөлек, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, себебі біз таңғажайып жаңалықты жеткізіп тұрмыз. Сон Чжун Ки мен Сон Хе Ге үйлену тойларын қазан айының соңғы күні өткізеді. Үйлену - бұл жеке шаруа ғана емес, екі отбасының тоғысуы, сондықтан қарым-қатынастың егжей-тегжейі сыпайылықты талап етеді. Сол себепті, үйлену тойы белгіленгенше абай болуға тырыстық, сондықтан, міне, осы хабарды жеткізіп тұрмыз. Бәріңізді түсіністік танытуға шақырамыз. Бұл жұпқа тек жақсы тілектеріңіз бен жарқын болашақ тілеулеріңізді сұраймыз, екі актер де жанкүйерлеріне осы хабарды бөлек-бөлек жеткізе жатар. Рақмет!", - делінген хабарламада.


© soompi.com

Айта кетейік, корей актерлері Сон Чжун Ки және Соң Хе Ге "Күн ұрпақтары" телехикаясында бірге ойнап, махаббаттары сол жобадан кейін өрбіген. Бұған дейін екі актердің шын өмірде де кездесіп жүргендері жайлы түрлі қауесет шыққан болатын.


© ShowAsia

Еске салайық, ең алғаш Сон Хе Ке телеарнаға 1996 жылы "Бақытты күн" дорамасында ойнап шыққан. Және де сол жылы, мектеп оқушыларына арналған киімдердің көрсетілімін ұйымдастыратын компанияның ең үздік моделі деген гран-приді ұтып алады. Кейін бірнеше жарнамаларда, теле-шоуларда көрініп жүреді. Ең үлкен танымалдылыққа ол "Жүрегімде қалған күз" сериалынан кейін ие болды. Сонымен қатар, Кореяда ғана емес Азияның көптеген елдерінде көрсетілген "Нар тәуекел" ("All In") дорамасындағы Мин Су Енның рөлі оның актрисалық өміріне үлкен жол ашты. Бұл сериалда ол танымал актер Ли Бён Хенмен ойнайды. Хе Ге көптеген қоғамдық істерге белсене араласып тұрады, қоршаған ортаны қорғау және сақтау бағдарламаларымен азиялық пандаларды қорғау бірлестігінің елшісі. Айта кетейік, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де осы бірлестіктің елшісі атанған болатын.


Сон Чжун Ки

Ал Сон Чжун Ки "Сонгюнгвандағы жанжал" (Sungkyunkwan Scandal), "Күн ұрпақтары" (Descendants of the Sun) дорамасы арқылы танылған. Осы жетістігінен кейін актер Оңтүстік Кореяда сұранысы ең жоғары өнерпаздардың қатарында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети