22 шілде 2014 14:59

Табысы мол актер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Роберт Дауни-кішісі. ©REUTERS Актер Роберт Дауни-кішісі. ©REUTERS

Forbes журналы ең қымбат актерды анықтады. Ол 49 жастағы Роберт Дауни - кішісі. 


Forbes журналы ең қымбат актерды анықтады. Ол 49 жастағы Роберт Дауни - кішісі. 

Журналдың есебі бойынша соңғы бір жылда актер 75 миллион доллар пайда тапқан.  Роберт Дауни басты рөлде ойнаған "Темір адам-3" ("Железный человек") фильмі 2013 жылдың ең кассалы картинасы болып саналады. Бұл фильм әлемдік прокатта 1,2 миллиард доллар қаржы жинады. Дауни өзінің қиқар мінезінің арқасында ең табысы мол актер атағына ие болып отыр. Ол "Кекшілдер" фильмінің жаңа бөліміне біраз уақытқа дейін түсуден бас тартып жүрген. Оған қомақты қаламақы төлеу ұсынылған кезде ғана фильмге түсуге келіскен. 

Рейтинг бойынша екінші орында голливудтық жұлдыз Дуэйн "Скала" Джонсон. 2013 жылы ол 52 мың доллар табыс тапқан. Джонсон тек әлемдік актер ғана емес, белгілі продюсер. 

Брэдли Купердің бір жылғы табысы 46 мың доллар. Сондай-ақ ол 2013 жылы "Америкаша алаяқтық" фильмі үшін "Оскар" жүлдесінің номинациясын жеңіп алды.

Ең қымбат актерлердің қатарында Леонарда Ди Каприо былтырғы жылы 39 миллион доллар пайдаға кенеліпті. Соңғы уақытта ол "Ұлы Гэтсби" ("Великий Гэтсби") және "Уолл-стрит қасқыры" (Волк с Уолл-стрит) атты екі сәтті шыққан фильмде басты рөлді ойнады.

Көшбасшылардың бестігіне "Тор" фильмінің жұлдызы Крис Хемсворт та енген. Оның жылдық табысы 37 миллион доллар. 

Айта кету керек, былтырғы жылы ең табысты актер атағын тағы да Роберт Дауни-кіші иеленген болатын. Одан бері "Темір адам" картинасының тағы екі бөлімі жарық көрді және Дауни Шерлок Холмс повесінің экранизациясында басты рөлді ойнады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети