25 қыркүйек 2019 16:55

"Томирис" фильмінің бюджеті белгілі болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/akansatayev © instagram.com/akansatayev

"Қазақфильм" киностудиясының басшысы Арман Асенов "Томирис" фильмінің бюджетін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Қазақфильм" киностудиясының басшысы Арман Асенов "Томирис" фильмінің бюджетін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Фильмге 10 миллион доллардан аз қаражат жұмсалды. (...) Теңгемен санағанда - шамамен үш миллиард теңге. (...) Біз ақшаны әрдайым санап отырамыз, себебі бюджет көп болып кетпеу керектігін түсінеміз. Бірақ "Томирис" фильміне жұмсалған ақша әлемдік прокаттан қайтып оралатынына кепілдік береміз. Кино - аз уақытта келетін ақша емес, бұл бизнес емес. (...) Мұнда біздің мәдени игілігімізді, киноны қандай да бір бюджетпен салыстыруға болмайды. Біз ұрпағымызға мұра қалдыруға, тарихымызды құруға тырысамыз", - деді Арман Асенов фильмнің тұсаукесеріне орай өткен баспасөз мәслихатында.

Режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи драмасының премьерасы Нұр-Сұлтанда 25 қыркүйекте, ал Алматыда 26 қыркүйекте өтеді. Ал кинотеатрларда оны 27 қыркүйектен бастап көрсетеді. 

Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Sataifilm компаниясының қатысуымен "Қазақфильм" киностудиясы түсірген, бас продюсері - Әлия Назарбаева.

Картина Томирис дала патшалығының өмір тарихын баяндайды. Оған кішкентай қыздан жауынгерге айналуға тура келеді, жақын адамдарынан айырылып, ата-бабаларымыз үшін кек алу мақсатында өз билігі кезінде сақ тайпаларын біріктіруге тырысады. Ол өзінің махаббаты мен еркіндігі үшін қуатты Парсы империясының билігіне қарсы тұрып, жаулап алуға келген Кир патшамен қатал шайқасқа шығады. 

"Сол дәуірді көрсету үшін, материалдық және рухани мәдениетті қайта жасау бойынша үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Көрермендер экраннан көретін декорация, костюм, қару-жарақ, дөңгелек заттар, ат амунициясы, тұрмыстық зат, әшекейлерді фильмнің қоюшы-суретшісі Қуат Тілеубаев бастаған суретшілер тобы арнайы "Томирис" фильмі үшін жасаған. Киностудия аумағында арнайы Вавилонның декорациясы салынды. Фильмнің қоюшы-операторы Хасан Қыдыралиев болды", - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіндегілер. 

Фильмнің басты кейіпкерін 28 жастағы Альмира Тұрсын ойнаған. Ол үшін бұл ең алғашқы рөл. Жоба директоры Жайна Әбдиева Альмира Тұрсынның суретін Instagram желісінде көріп, оны кастингке шақырған. 

Түсірілімге 600 адам қатысқан. Картинадағы соғыс көрінісі Алматы облысындағы Қапшағайда түсірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети