18 маусым 2015 16:58

Тюссо ханым музейінде тіріліп кеткен Терминатор көрермендерді шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mirror.co.uk ©Mirror.co.uk

Арнольд Шварценеггер Терминатор ролінде мадам Тюссо музейіне келген қонақтарды шошытты, - деп хабарлайды Mirror.


Арнольд Шварценеггер Терминатор ролінде мадам Тюссо музейіне келген қонақтарды шошытты, - деп хабарлайды Mirror.

Музейде жасанды сұлба болып қатып қалудан бұрын киножұлдыз Терминатор болып киініп, жергілікті тұрғындармен суретке түсіп, сөйлесіп, өзінің фильмдегі атақты сөздерін айтады. Ал музейде қонақ болып келген адамдар оның жанына барып, суретке түскісі келеді. Бұл уақытта Арни тіріліп кетеді де, адамдар зәресі қалмай қаша жөнеледі. Бұл сәттер "Терминатор: Генезис" фильмінің таныстырылымында көрсетіледі.

"Терминатор: Генезис" фильмінің оқиғасы 2029 жылы болады. Сюжет бойынша, Джон Коннор анасын құтқарып, Джонның тірі қалуына септігін тигізу үшін өзінің сенімді сержанты Кайл Ризді өткен шаққа жібереді. Бірақ оның ойластырған жоспарын "уақыттың сынуы" бұзады. Солдат өткен шақтың жаңа, таныс емес нұсқасына өтіп кетеді. Тоғыз жасында жетім қалған Сара Коннорды Терминатор тәрбиелейді (Арнольд Шварценеггер), қызды құтқару оған үшін арнайы бағдарлама жазылған. Сара қарсы болса да, Терминатор оны мықты болуға тәриелеп шығады. Олар бірлесіп, жаңа жауларымен соғысуы керек болады. Олардың жаңа миссиясы - болашақты қайта жазып шығу.

Ресейде "Терминатор" фильмі 2015 жылдың 2 шілдесінде прокатқа шығады. Шварценеггерден бөлек, басты рольдердің бірін "Тақтар ойыны" ("Игра престолов") хикаясының жұлдызы Эмилия Кларк ойнайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети