11 ақпан 2015 17:58

100 келіден астам марихуана Шу ауданы тұрғынынан тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©supercoolpics.com ©supercoolpics.com

Жамбыл облысының тұрғыны 101 келі марихуанамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысының тұрғыны 101 келі марихуанамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасы мен Шу аудандық "Дельта-долина" есірткі бизнесіне қарсы күрес ауданаралық бөлімінің қызметкерлері жедел алдын алу шараларын өткізді", - делінген баспасөз хабарламасында. Осы шараның барысында Шу ауданындағы автожолда Mazda 626 маркалы автокөлігі тоқтатылып, оның жүргізушісінен 101 келі 880 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.

Полицейлердің айтуынша, тексеріс кезінде 1976 жылы туған азаматтың бұған дейін сотталмағаны және осы ауданның тұрғыны екені анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында полицейлер Жамбыл облысының тұрғынынан бір тоннадан астам марихуананы тәркілеген еді. Шу ауданы Тасөткел ауылының аумағында ("Городок" учаскесінде) 1965 жылы туылған Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғынын ұсталып, одан салмағы 1 тонна 93 келі тартатын марихуана тәркіленді. Ұсталған азамат өз әрекетін мойындап, түсінік берген. Ол қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жамбыл облысының тұрғынына марихуананы заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети