25 мамыр 2022 20:43

47 адамды алдаған әйелдің алаяқтық схемасы әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының прокуроры Маратбек Мырзамұратов 47 адамды түрлі тәсілмен алдаған қазақстандық әйелдің алаяқтық жүйесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының прокуроры Маратбек Мырзамұратов 47 адамды түрлі тәсілмен алдаған қазақстандық әйелдің алаяқтық жүйесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикер алаяқтық түрлері арасында адамдарды белгілі бір ақы үшін жұмысқа тұрғызу, балаларын балабақшаға орналастыру, денсаулық сақтау саласында көмек көрсетуге уәде етіп, кейін ақшаны алған соң, жоғалып кететіндер кең тарағанын айтты. 

"Мысалы, осы схема бойынша 3 миллион теңгеден астам сомаға 47 адамның қаражатын иемденген әйел Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен бас бостандығынан айырылды. Эпизодтардың бірі бойынша Әбділдина Mom Life сайтына балаларды балабақшаға кіргізе алатынын, білім басқармасының қызметкері екені туралы хабарлама орналастырды. Жәбірленуші хабарландыруға қызығушылық танытып, Әбділдинаға жазады, содан кейін олар 30 000 теңгеге баланы балабақшаға орналастыруға келіседі. Содан кейін жәбірленуші аталған соманы Әбділдинаға аударып, кейін соңғысы жәбірленушіні бұғаттап, ақшаны өз қажеттілігіне жаратады", - деп қосты Маратбек Мырзамұратов.

Прокурор Әбділдина осылай 8 жәбірленушіні алдағанын айтты.

"Балаларды балабақшаға орналастыру туралы уәдесінен бөлек, осы сайтта белгілі бір ақыға денсаулық төлқұжатын жасау, ана мен бала орталығында босану, медициналық қарсылық, вакцинация паспортын, зейнетақы аударымдарын шығару туралы ұсынысын хабарландыруға жазған. Осыдан тағы 14 адам алданып, Әбділдина олардың ақшасын алдау арқылы иемденген".

Прокурордың айтуынша, Әбділдина тағы бір жеңіл жолмен ақша тапқысы келген.

"Ол бір күнге пәтер жалдап, Krisha.kz сайтына ұзақ мерзімге жалға беремін деп хабарландыру салып, мүдделі тұлғалардан жалдау шартын жасасқан. Олардан 20-дан 100 мың теңгеге дейін алып, жәбірленушілерді блоктап, жасырынып жүрген. Осылайша 18 жәбірленуші бар", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети