10 тамыз 2021 14:16

6 жастағы алматылық қыздың жұмбақ өлімі: сот медициналық сарапшыны ақтау үкімін жойды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот 6 жасар алматылық Елизавета Пылаеваның өліміне қатысты іс бойынша процеске қатысқан сот-медициналық сарапшыны ақтау үкімін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот 6 жасар алматылық Елизавета Пылаеваның өліміне қатысты іс бойынша процеске қатысқан сот-медициналық сарапшыны ақтау үкімін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, 24 мамырда сот сарапшысы Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігі бойынша ақталған. Ол екі қылмыстық іс бойынша жалған куәлік берді деп айыпталған еді. Сарапшы көп балалы ана Жәмила Жылқайдарованың липосакциядан кейін қайтыс болуы және 6 жасар Елизавета Пылаеваның өлімі бойынша куәгер болған.

"Тергеуші айыптау актісін жасап, онда Э.М. ҚК-нің 420-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша күдікке ілінгенін көрсетті. Алайда прокурор М-ның ісін сотқа жібере отырып, қаулыда айыптауды тек 2-бөлім бойынша көрсетті. Заң бойынша, бұл сот ісін жүргізуге кедергі келтіретін маңызды заңбұзушылық саналады. Сот қылмыстық қудалау органы емес және прокурордың орнына тағылған айыптың шегін анықтауға құқығы жоқ", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Осыған байланысты медициналық сарапшыға қатысты сот бұрын шығарған ақтау үкімі күшін жойды.

"Бұл қылмыстық іс жүргізу заңының бұзылуына байланысты жасалды. Іс прокурорға жаңа айып тағу және заң аясында сотқа беру үшін қайтарылды", - деп толықтырды сот.

Еске салайық, Елизавета Пылаеваның 2019 жылғы 12 мамырда жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабрланған еді. Қыздың әкесі Александр Пылаев анасы Марина Рыжаковадан ажырасқан. Оның айтуынша, 9 мамырдан бастап бала анасының жанында болған. Үш күннен кейін Александр қызы ауруханада жатқанын естіген.

Полицейлер себебін анықтауға тырысқанымен, әзірге нәтиже жоқ. Сондықтан олар тергеу мерзімін ұзартуға мәжбүр болды. Кейін іске қатысты жаңа мәліметі пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети