06 шілде 2018 09:12

Ақтауда үш қыз жүкті әйелді жабылып сабап тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жүкті әйелді 3 қыз жабылып сабап тастады. Соның кесірінен келіншек қазір облыстық ауруханада жатыр. Миы шайқалыпты. Дәрігерлер дер уақытында көмек беріп, жатырындағы шаранасы аман қалды. Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.


Ақтауда жүкті әйелді 3 қыз жабылып сабап тастады. Соның кесірінен келіншек қазір облыстық ауруханада жатыр. Миы шайқалыпты. Дәрігерлер дер уақытында көмек беріп, жатырындағы шаранасы аман қалды. Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

28 жастағы Ұлжан Хайдарова өз туған күнінде құрсағындағы шаранасынан айрылып ала жаздады. Дәрігерлердің көмегімен аман қалып, қазір аурухананың нейрохирургия бөлімінде. Жүкті келіншек пәтеріне баса-көктеп келген қыздардан алғашқыда жауыздық күтпеген. Себебі кәмелет жасқа толмаған апалы-сіңілі үшеу тепкінің астына алады деп ойламапты.

"Апасы қолымнан ұстап тұрды. Екіншісі деген басымнан итеріп жіберді артқа қарай. Қасындағы үшінші қыз ішімнің астынан бір тепті. Есімнен талып қалдым", - деді Ұлжан Хайдарова.

Жауыздыққа барған өрімдей қыздар келіншектен ағасы үшін кек алмақ болған. Өйткені араққа тойып алған бауырлары бір күн бұрын пышақ ұстап осы үйге кіріп кетеді. Әйелдің күйеуі оны бір ұрып, қуып шыққан екен.

"Менің сіңілімнің үйіне келіп енесін сұраған. Мас күйінде. Баласы көріп қуып жібереді. Біраздан кейін екі баласы пышақпен келген. Пышақпен келгесін күйеуі ұрып жіберген келмеңдер деп", - дейді жәбірленушінің әпкесі Зухра Хайдарова.

Қазір Ұлжанның жағдайы бірқалыпты. Дәрігерлер жүріп-тұруға тыйым салған. Ең бастысы шараны сақтап қалғанына шүкіршілік етіп отыр.

"Белгісіз адамдардан соққы алған. Жабық ми жарақаты, ішінің жарақатымен нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Қазір жағдай қалыпты. Ем алып жатыр", - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігері Рахат Беков.

Жүкті келіншекті сабаған қыздар қазір бостандықта жүр. Олардың жазаға тартылуы екіталай. Өйткені, кәмілет жасқа толмаған және сот-медициналық сараптама қортындысын күту қажет. Іс қозғалғанның өзінде ата-анасына ғана айыппұл салынады екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети