11 желтоқсан 2019 17:40

Ақтөбе облысында барымташылар ұсталды

Ақтөбе облысының Қобда ауданында барымташылар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Қобда ауданында барымташылар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, кешкі уақыт кезінде кент шетіндегі Сарыбұлақ тұрғынының ауласынан 113 бас қой ұрланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы тез арада шығып, күдіктілер аудан орталығына қарай қойларды айдап әкеткені анықталды.

Реклама
Реклама

"Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қобда ауылының шетінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында 5 кесуші жалдаған жалдап, қойларды бауыздау кезінде күдіктілер ұсталды. Олар 23 бас қойды сойып үлгерген. Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер қой иесінің жоқтығын пайдаланып, жаяу жүрген қойларды ұрлап, қылмыс орнынан 40 шақырым жерде орналасқан аудан орталығына айдап кеткен", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктілер Қобда мен Сарыбұлақ ауылының тұрғындары болып шықты. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram