Ақтөбеде ер адамдар ақша үшін атыс шығарған, - деп хабарлайды Times.kz.
Ақтөбеде ер адамдар ақша үшін атыс шығарған, - деп хабарлайды Times.kz.
Басылымның мәліметінше, 2011 жылы Ж. есімді ер адам өзінің көлігін Н. есімді ер адамға 5 мың долларға (төлеу мерзімін ұзарту арқылы) cатқан. Себебі сатып алушыға банк несие беруден бас тартқан. Осы көлікпен 3-4 ай жүрген соң ер адам оны басқа біреуге сатып жіберіп, алған ақшаны Ж. есімді сатушыға қайтармаған.
2017 жылдың 20 сәуірінде екі ер адам кездесіп, қарыз жайлы сөйлесіп, әңгіме төбелеспен аяқталған. Сол күні кешкі уақытта Н. есімді ер адам сатушының үйіне өзінің достарымен бірге келіп, қару алып, сатушымен сөйлеспекші болған. Журналистердің айтуынша, Ж. есімді ер адам үйінен винтовка алып шыққан.
Атыс кезінде Ж. жарақат алған. Ал екінші ер адам таксиге мініп кетіп, қаруды өзенге қарай лақтырып жіберген. Жарақат алған ер адамды өтіп бара жатқандар көріп, жедел жәрдем шақырған. Алайда, өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
"Прокуратура органдары адам өлімі дерегі бойынша бірден қылмыстық іс қозғады, тергеу басталды. Нәтижесінде осы қылмыстың мән-жайы анықталып, іске қатысы бар адамдардың барлығы анықталды", - деп жазады басылым.
Басылымның мәліметінше, сот 32 жастағы Н. есімді азаматты айыпты деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сотталушыға қаза болған ер адамның отбасына моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге және жерлеу рәсіміне 1 миллион 200 мың теңге төлеуді міндеттелді.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.