21 мамыр 2015 14:04

Ақтөбеде ескерткішті қорлаған жігіт жазаға тартылмайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеоролигінен алынған кадр YouTube видеоролигінен алынған кадр

Ақтөбеде ескерткішті қорлаған жігіт жазаға тартылмайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, оқиғаның көп жыл бұрын болуына байланысты қылмыстық іс жабылды. Сонымен қатар, қорланған ескерткіштің тарихи және мәдени құндылыққа жатпайтыны анықталды.

Еске сала кетейік, ескерткіш 2006 жылы тілшілердің еңбегін бағалау мақсатында газет редакциясына қарама-қарсы жерде ашылған. Ескерткіштегі адам мүсінінің қолында кітап бар. Бұзақы сол кітапқа отырып суретке түскен.

Жігіттің бұл қылығына Ақтөбе қаласының тұрғыны Динара Бүкенбаева наразылық білдіріп, ер адамды жауапкершілікке тарту туралы полицияға арыз түсірді. "Бүгін осылай ескерткіштің үстіне шығып алса, ертең ескерткішке не істейтінін ешкім білмейді. Келесіде Мәңгілік алауды бүлдіреді, батырлардың ескерткіштеріне де мінеді", - деді Бүкенбаева. Бұл дерек бойынша 9 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жігіт өз кінәсін толықтай мойындады. Ол тергеу кезінде суреттің 2009 жылы түсірілгенін айтты. Ол кезде жігіт 18 жастағы студент болыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети