06 қыркүйек 2021 16:16

Ақтөбеде мектеп-гимназияға "жарылғыш зат қойылды" деген хабар тексерілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз біреу Ақтөбедегі КазГЮУ гимназиясы ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгісіз біреу Ақтөбедегі КазГЮУ гимназиясы ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, мектеп-гимназияда жарылғыш зат болуы мүмкін деген хабарлама Ақтөбе облысының ПД электрон поштасына түскен.

"Барлық жедел қызмет пен саперлер тобы дереу оқиға орнына барды (Тургенев 75), ғимаратты жарылғыш заттарға тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш құралдар табылмады", - делінген хабарламада.

Полиция департаменті жасырын хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шараларды жүргізіп жатыр.

Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша соталды тергеу басталған.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети