26 қаңтар 2022 17:00

Алматы әуежайында дүкен тонаған ерлі-зайыпты ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайындағы дүкеннен ұрланған тауарлар кәсіпкерге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы әуежайындағы дүкеннен ұрланған тауарлар кәсіпкерге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

5-6 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктер барысында қарақшылар халықаралық әуежайды басып алды. Осы ғимаратта орналасқан сауда нүктелері зардап шекті. Соның ішінде "Француз үйі" дүкенінен 17 миллион теңгеден аса сомаға тауар ұрланды.

Полицейлер дүкен тонаған жұпты анықтап, ұстады. Олар ұрланған тауарды үйде ұстап, кейінірек сатуды жоспарлаған. Алынған заттай дәлелдемелер 1,5 миллион теңгеге бағаланады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

35 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал оның 33 жастағы азаматтық некедегі жұбайынан кәмелетке толмаған екі баласы болуына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Дүкен директоры Алматы әуежайындағы Полиция департаменті пен желілік полиция бөлімі қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети