Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматы облысында қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған ерлі-зайыптыға іздеу жарияланды 20 қаңтар 2022, 16:58

Алматы облысында кооператив түріндегі қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптыға мемлекетаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Алматы облысында кооператив түріндегі қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптыға мемлекетаралық іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы Қаржы мониторинг агенттігі аумақтық департаменті "Елім-ай-2019" қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұйымдастырушылар тұрғын үй кооперативінің атын жамылып, азаматтардан қаражат жинаған. Қазіргі уақытта зардап шеккен 90 адам өтініш жазды. Тергеу құрбандар саны одан да көп болуы мүмкін деп есептейді", - деп хабарлады ведомство.

Басқарма мамандары пирамида қызметінен зардап шеккен азаматтарға Өтеген-Батыр ауылы Батталханов көшесі 11 А мекенжайына келуді, немесе 8 (727) 251-71-06 сенім телефонына хабарласуды сұрады.

"Елім-ай-2019" кооперативінің басшысы Ербол Кизбаев пен жұбайы Жазира Өмірбаеваға мемлекетаралық іздеу жарияланды", - деп толықтырды ведомства.

Аталғандар туралы қандай да бір мәлімет білсеңіздер, мына телефондарға хабарласыңыздар: 8 (727) 251-71-06; +7-701-228-02-15.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram