22 қазан 2021 09:06

Алматыда әйелді ұрып-соғып, зорлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдікті. Фото: polisia.kz Күдікті. Фото: polisia.kz

17 жастағы такси жолаушысы жүргізушіден далалық жерге баруын өтініп, вокзалдан үйіне қайтып келе жатқан екінші жолаушыға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.


17 жастағы такси жолаушысы жүргізушіден далалық жерге баруын өтініп, вокзалдан үйіне қайтып келе жатқан екінші жолаушыға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, сағат шамамен түнгі 03.00-де әйел Алматы-1 теміржол вокзалынан үйіне қарай таксиге отырған. Салонда жүргізушіден басқа тағы бір жолаушы болған.

Ер адам жүргізушіден далалық жерге бұрылуын өтінген, жүргізуші айтқанын істеген. Жолаушы осыдан кейін артқы орындыққа отырып, әйелді ұрып-соғып, зорлап, алтын бұйымын тартып алған.

Зардап шеккен әйел полицияға арыз жазды.

"Полицейлер Боралдайдың 17 жастағы тұрғынын ұстады. Уақытша ұстау изоляторына қамалған күдікті зорлық жасағанын мойындады. Тергеу соты соталды тергеу кезінде күдіктіні қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын таңдады", - делінген ведомство хабарында.

22 жастағы такси жүргізушісі болса ұсталған ер адамның ауылдасы болып шықты, ол да полицияға жеткізілген. Сот тергеуі кезінде оның әрекетіне құқықтық баға беріледі екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети