10 қыркүйек 2018 17:28

Алматыда белгісіз ер адам қыз балаға үйінің маңында пышақпен шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vestikavkaza.ru © vestikavkaza.ru

Алматы полициясы қыз балаға пышақпен шабуыл жасаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.


Алматы полициясы қыз балаға пышақпен шабуыл жасаған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сүйенсек, бұл оқиға 4 қыркүйекте кешкі уақытта Талғар жақтағы тасжолда Думан-2 ықшамауданында болған.

"Қызметтік көлік (жұмыстан кейін тасып-тарататын көлік) қарындасым Әйгерім Мақашеваны аялдамадан қалдырып кетті. Үйге 100 метр жерден қалдырып кеткен. Әдеттегідей маршрут. Бірақ бұл жолы белгісіз бір ер адам себепсізден оған 12 рет пышақ салған. Оның 5-і арқасына тиген. Абырой болғанда, Әйгерім үйге дейін жүгіріп үлгерді, есіктің алдына келіп құлады. Қазір ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты. Дегенмен ол ауыр жарақаттар алды, үш ота жасалды. Анасы жанында. (...) Қылмыс тіркелді. Бес күнде үш тергеуші ауысты, бірде-бір тергеу жұмысы жүргізілген жоқ. Видеокадрлар бар, бірақ сапасы нашарлау. Қыздың айғайын естіген куәгерлер бар. Барлығынан жауап алу қажет қой", - деп жазған Байтақ Тұрсынбаев Facebook желісіндегі парақшасында.

Алматы қалалық полицейлердің мәліметінше, Медеу аудандық ІІБ келіп түскен дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Топта Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері бар. Қазіргі уақытта қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүріп жатыр. Зардап шеккен қыздан жауап алынды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети