Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда ер адам көлік ұрлап, ұсталған кезде өзін пышақтап тастаған 24 қаңтар 2023, 15:28

Алматыда көлік ұрлаған ер адам полицейлер ұстаған кезде өзін пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Видео кадры Видео кадры

Алматыда көлік ұрлаған ер адам полицейлер ұстаған кезде өзін пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ер адам қансырап жерде жатқан видео тарады. Оны полиция қызметкерлері ұстаған. Ал тағы бір видеода ер адам ес-түссіз жатыр.

видео кадры

Алматы полициясы өкілдерінің сөзінше, ер адам оның Daewoo маркалы көлігін біреу айдап әкеткені туралы хабар берген. Хабарласқан адамның сөзінше, ол күдіктіні аңдып, артынан жүрген.

Ер адамға көмекке полицейлер келген. Күдікті қашып бара жатып өзін пышақтаған. Ол медициналық көмек көрсетілуі үшін қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

"Істің мән-жайын анықтау барысында ер адам өзгенің көлігін Ақсай шағынауданында ұрлағаны белгілі болды. Сол жерде жол апатына да түскен. Көлік иесі жаяу жүріп, күдіктіні қуып жетпек болған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram