13 қазан 2016 12:39

Алматыда журналист әрі қоғам белсендісіне шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирина Медникова © Vox populi Ирина Медникова © Vox populi

Алматыда 12 қазанда "Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі" қоғамдық қорының бас директоры Ирина Медниковаға шабуыл жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шабуыл Медникованың үйінің маңында жасалған.


Алматыда 12 қазанда "Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі" қоғамдық қорының бас директоры Ирина Медниковаға шабуыл жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шабуыл Медникованың үйінің маңында жасалған.

"20:10 шамасында аулаға кірер кезде жолдан жас жігіт өтіп бара жатқан, өте салиқалы көрінді, маған ұзақ қарап тұрды. Мен танысым шығар, амандасайын деп те ойладым. Бірақ танымадым да, ары кете бердім. Кіре берісте ол мені қуып жетті. Бұрылғанымша сөмкеме жармасып, тарта бастады, Сосын мені сүйрей жөнелді, тіземді жарақаттап алдым, мені тұрған көлікке соқты да, сөмкемді алып қашып кетті", - дейді Медникова. Оның айтуынша, сөмкеде диск, құжаттар, жеткізіп берушілермен келісімдер, ұйым мөрі және Атырауда өтетін ZhasCamp формалды емес конференция қатысушыларына берілу керек болған жарты миллион теңге болған. 

Медникованың ойынша, оған шабуыл жайдан-жай жасалмады. "Мен тонау болды деп ойламаймын - ұры дәл мені аңдыды, аулаға кірер тұста бет-жүзге қарап жүріп. Меніңше бұл жұмысыммен байланысты", - дейді ол.

Алматы қаласы ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне шабуыл факті бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. "Сот алды тергеу ҚР ҚК 191-бабы ("Тонау") бойынша басталды. Бостандық ауданы ІІБ-нің полиция бөлімшесінде Алматы қаласы ІІД криминалды полиция қызметкерлері кіретін жедел тергеу тобы құрылды",- деп атап кетті Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети