20 ақпан 2020 14:59

Алматыда педофилге химиялық кастрация жазасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vashipitomcy.ru © vashipitomcy.ru

Алматыда 2004 және 2007 жылғы балаларды зорлаған педофилге химиялық кастрация жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда 2004 және 2007 жылғы балаларды зорлаған педофилге химиялық кастрация жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

"Қылмыскер сот үкімімен кінәлі деп танылып, жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық атқару жүйесіне 20 жылға бас бостандығынан айырылып, кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Педофилге қатысты жаза заңды күшіне енді. 

Еске салайық, Қазақстанда педофилдерге қатысты химиялық кастрация алғаш 2019 жылы қолданылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети