Алматыда сатушы қыздарды алдап соққан алаяқ жігіттер ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Алматы қаласында сатушыларды алдап, алаяқтық жасаған екі жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың бірі -21, екіншісі 19 жаста. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласында сатушыларды алдап, алаяқтық жасаған екі жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың бірі -21, екіншісі 19 жаста. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандардың екеуі де жұмыссыз. Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімінің басшысы Мұрат Қаспақбаевтың айтуынша, екі жігіт ақша табудың оңай жолын іздеп, алаяқтық әрекет жасаған. 

"Олар дүкендерге клиент ретінде кіріп, қалталарынан 10 мың теңгелік купюраны шығарған, бірақ сатушыға бермеген. Сатушының басын айналдырып, әртүрлі тауарды таңдап ұзақ уақыт тұрып алған екеуі ақша төлеуге келгенде дүкенге кіре салған бетте төлегендерін айтып ант суын ішкен. Сонымен қатар, олар сатушылардан артық ақшаны қайтарып беруді талап еткен", - дейді Қаспақбаев.

Айта кетейік, арнайы жүргізілген талдау қорытындылары бұл екі жігіттің алдауына жас қыздардың жиі ұшырағанын көрсетті. Олар тәжірибесіздіктің салдарынан кассадағы ақшаның кем шығуын тым кеш байқаған. 

Аудандық полиция мәліметінше, ұсталған екі жігіттің осыған ұқсас 4 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді. Олар алаяқтық әрекеттерінің бірін қаладағы ірі сауда үйінде жүзеге асырған. "Қазір ұсталғандардың қала бойынша өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Ол үшін БАҚ пен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері қолданылады. Бұл екі жігіттің арбауына түскен азаматтардың қатары бұдан да көп болуы мүмкін, бәлкім кейбір адамдар олардың алаяқтық әрекеті туралы полицияға хабарламауы да ықтимал. Сондықтан азаматтардың бізбен байланыса алу үшін мына телефон номерлерін хабарлаймыз: 298-53-70 және 298-53-71", - деді Мұрат Қаспақбаев.

Еске сала кетейік, 2014 жылы желтоқсанда Ақсу қаласында дүкендерден жалпы құны 100 мың теңгеге жуықтайтын тауарларды ұрлаған тұрғынның ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Ұры кең тараған әдіс бойынша әрекет еткен - саудагерлердің назарын басқаға аудара отырып, сөредегі заттарды асқан ептілікпен жымқырып кететін болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 507  course up  572.27  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer