11 қазан 2019 10:29

Алматыда теракт жасауға әрекеттенген тұрғын бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ҰҚК © ҚР ҰҚК

Алматы тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тінту барысында одан қаладағы үш сауда-үйінің сызбасы мен жарылғыш зат табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тінту барысында одан қаладағы үш сауда-үйінің сызбасы мен жарылғыш зат табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыда Алмалы аудандық қылмыстық сотының А.Ж. Битимбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

Ол ҰҚК назарына деструктив діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті.

"Тексеру барысында оның Интернетте ДАИШ үгіт-насихатының ықпалымен халық көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терактілер дайындауы туралы ақпарат алынды. Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қатарына өту және террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға жетуді жоспарлаған", - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінде. 

Битимбаевтың көрсетілген ойларын болдырмау үшін оны ағымдағы жылдың сәуірінде Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып, ҰҚК күшімен ұстау жүргізілді.

Тінту кезінде одан атыс қаруы мен травматикалық қару, қолдан жасалатын жарылғыш құралдар жасауға арналған құрамдас бөлшектер, үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбалары, бетперде мен қолғап алынды.

Битимбаевтың кінәсі куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети