01 қаңтар 2022 09:00

Алматыда тұрғындарға "кедендік рәсімдеу" қызметін ұсынған алаяқ ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/rustam.abdrakhmanov_ © instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда тұрғындарға "кедендік рәсімдеу" қызметін ұсынған 38 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының тумасына қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта тергеу екі қылмыстық деректі анықтаған. Сотталушы Қытаймен кедендік шекарада тауарларды кедергісіз өткізу бойынша қызмет көрсетемін деген желеумен 10 мың доллар көлеміндегі қаражатты иемденген. Осыдан кейін күдікті бірнеше рет осындай "қызмет" көрсетіп, қаражатты өз қалауына жұмсаған.

Бұл адамның құрбаны көп болуы мүмкін.

"Оның заңсыз әрекеті қайталанғанын ескере отырып, зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймын: 8 708 707 92 02; 8 705 555 77 63; 8 775 747 77 78", - деп жазды Әбдірахманов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети