01 қазан 2021 16:39

Астанада ер адам мониторинг тобының мүшесімін деп танысып, ақша жинаған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымының жалдамалы қызметкері өзін бақылау тобының мүшесімін деп таныстырып, Нұр-Сұлтандағы ойын-сауық мекеме өкілдерінен ақша алды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерін әшкереледі, ол өзін бақылау тобының мүшесі ретінде таныстырып, қорғау және карантиндік режим нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату мақсатында кәсіпкерлерді алдаған", - делінген Telegram-арнасындағы Антикор хабарламасында.

Алданған ойын-сауық мекеме иелері күдіктіге карантин режимін бұзғаны үшін қамқорлық пен әкімшілік жауапкершіліктен жалтаруға ай сайын ақша төлегені айтылады.

"Бұл іске шенеуніктердің қатысы бар ма деген мәселе тексеріліп жатыр. Күдікті ұсталды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети