04 мамыр 2017 09:17

Астанада қызды зорламақ болған педофил ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Астанада қызды зорламақшы болған күдікті педофил ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада қызды зорламақшы болған күдікті педофил ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Таяуда Whatsapp мессенджері арқылы бірнеше жұмысшылар тобының беліне дейін шешінген ер адамды "педофил" деп айтып, соққылар жасап жатқан видео тараған болатын. Видеода оқиғаның жаңа вокзал маңында болғаны айтылады. Құрылысшылар ер адамды қызды зорламақшы болған жерінен ұстап алған. 

Кейінірек ер адамды полицейлер ұстаған. 

"2011 жылы туған кәмелет жасына толмаған қызды сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттену дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабына сәйкес жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 48 жастағы күдікті бұрындары сотталған, қазіргі уақытта Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалған", - деді Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Астана ІІД өкілдері ұсталған адамның қызды Промышленный ықшамауданындағы үйінен алдап шығарғанын анықтаған. Оқиғаға куә болған сол маңда жұмыс істеп жүрген жұмысшылар осы жағдайды көріп, оны ұстап қалған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети