19 қыркүйек 2018 15:03

Астанада үлескерлердің қаражатын жымқырған ағайынды кәсіпкерлер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлескерлердің қаражатын жымқырған екі ағайынды кәсіпкер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Үлескерлердің қаражатын жымқырған екі ағайынды кәсіпкер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қалалық МКД экономикалық тергеу қызметі ағайынды Жұбатқановтар басқарған "Инженерно-сервисная компания" ЖШС-ға қатысты көп эпизодты (72 эпизод) қылмыстық істің тергеу шараларын аяқтады. Олар "Оңтүстік-шығыс сол жағалау" тұрғын үй құрылысының үлескерлерінің қаражатын жымқырған. 

Залал мөлшері 388 миллион теңге. МКД мәліметінше, компания басшылары ол қаражатты өз жеке басы үшін жұмсаған. 

Департамент өкілдерінің айтуынша, күдіктілердің затына 510 миллион теңге айыппұл салған. Оның ішінде: жер учаскелері, пәтерлер, Астанада, Батыс Қазақстан облысында және Ақтөбе облысында өнеркәсіп-өндірісі ғимараттары, сондай-ақ, үлескерлердің қаражатына алынған автокөліктер. 

"2017 жылы 22 желтоқсанда ағайынды Жұбатқановтарға қатысты үлескерлердің қаражатын жымқыру бойынща қылмыстық іс Астана қалсының Алматы аудандық прокуратурасына жіберілді. 2018 жылы Сарыарқа аудандық № 2 соты Жұбатқановтарды сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркіледі", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети