02 маусым 2021 12:27

"Атып тастаймын деп қорқытты". Алматы облысында ерлі-зайыпты соққыға жығылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында ерлі-зайыптының соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Облыстық полиция департаменті іс тергеліп жатқанын және үш жігіт ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде Алматы облысында ерлі-зайыптының соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Облыстық полиция департаменті іс тергеліп жатқанын және үш жігіт ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан ер адам мен әйел дене жарақатын алғанын көруге болады. Жазба авторы Қасымбек ауылында үш жігіт пен ерлі-зайыпты арасында жанжал болғанын жазған.

"Таңертең бүкіл отбасы мүшелері жұмысқа шықты, олар үйдің қоршауында мас жігіт дәрет сындырып тұрғанын көрген. Кейін оған ескерту жасаған. Ал ол боқауыз сөз айтып, арандата бастаған. Әкем көліктен түсіп оған жақындағанда, оны үші жігіт соққыға жығады.

Көк, сұр және ақ жейде киген үш жігіт. Кейін анам араласқан. Оны да ұрып-соғып, қорқыта бастады. Олардың бәрі мас, көлік тізгініндегі жүргізуші де мас болды. Нәтижесінде әкемнің миы шайқалып, басы жарылған. Анамның да миы шайқалып, ерні жыртылған", - делінген жазба сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Алматы облысының полиция департаменті мәліметі бойынша, 2 маусымда Жамбыл ауданы полициясына Қасымбек ауылының тұрғыны оны және күйеуін ұрып-соққаны туралы арыз түсірген.

"Тексеру барысында осы ауылдың 22-24 жастағы үш тұрғыны анықталып, ұсталды. Дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, зардап шеккендер дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, медициналық куәландыру ұсталғандардың екеуі мас күйінде болғанын көрсетті", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети